Úı ANONS Қала әкімінің тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелер оң шешімін табуда

Қала әкімінің тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелер оң шешімін табуда

Бүгін «Тұрдыабад» тұрғын алабында ағымдағы жылды атқарылып жатқан жұмыстар тізбектелді. Атап айтқанда:

* Сүзік Ата көшесіне фреза қалдықтары төселіп, көше ретке келтірілді.
*Қазіргі уақытта «А Мерей и К» ЖШС-і тарапынан жекеменшік жүйедегі 484 абонентке жаңадан электр желілерінің, электр бағаналары мен сымдарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды абоненттеу аяқталуда.
* Халық қатысатын бюджет жобасы аясында Жаңақұрылыс көшесіне балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп ел игілігіне тапсырылды.
*Н.Ризаев және Жаңақұрылыс көшелерінің топырақ жолына шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
*Сонымен қатар, Е.Исраилов көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жоспарға енгізілді.