Қазақстан 500 мың тоннадан аса дизель отынын Ресейден импорттай алады

22

Қазақстан 500 мың тоннадан аса дизель отынын Ресейден импорттай алады. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, биыл екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімінде бұл мәселе қамтылған. Бұған дейін қыркүйек-қазанда 100 мың тонна дизель импортталатыны айтылған.

Дегенмен биыл күздің алғашқы айында дизель тапшылығы болды. Сәуірде рубльдің теңгеге шаққанда бағамы өзгеріп, отынның бөлшек саудадағы құны өскен еді. Бұл өнімнің көрші елдерге көбірек тасымалдануына себеп болды. Сондықтан 15 қыркүйекте шетелдіктер үшін литрі 450 теңгеге, Қазақстан азаматтарына 230-260 теңгеге сатыла бастады.