«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға 2 трлн. 600 млрд. жұмсалуы мүмкін

37

Елде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қоғам талқысына ұсынылды. Білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыруға 2 трлн 600 млрд теңге жұмсалуы мүмкін.

Оның ішінде қаржы Ұлттық қордан және республикалық бюджет есебінен кезең кезеңімен бөлінеді. Ақша жаңа мектептер салуға әрі пайдалануға берілгеннен кейін олардың күтіп ұстауға да жұмсалады.

Пилоттық жоба арқылы 4 жыл ішінде кемі 800 мың оқушыға арналған білім беру нысаны бой көтереді. Ал әзірге осы жоба арқылы 100 мың уақытша жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.