Биыл Түркістанда 4 халықаралық спорттық жарыс өтті

139

Түркістан облысында жыл басынан бері 2100-ден аса бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді. Оған өңірдегі 300 мыңға тарта тұрғын қатысқан. Қазір облыста 4643 спорттық ғимарат бар.

Ондағы спортшылар спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысты. Нәтижесінде биыл 350 алтын, 228 күміс, 270 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Әлем чемпионаттары мен кубогынан жерлестеріміз 51 алтын, 36 күміс және 20 қолаға ие болды.

Осы жылы облыста 38 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 174 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 445 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Ал өңірде спортпен шұғылданатын тұрғындар саны 823 896 адамға жетті. Бұл көрсеткіш Күнгей аймақтағы жалпы халықтың 39 %-ын құрайды.