Мереке кезінде жедел жәрдем күшейтілген режимде жұмыс істейді

63

Шымкентте мереке күндері жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Медицина мамандарына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы бірқатар тапсырма берді.

Мереке кезінде 103 қызметіне қосымша көмек ретінде жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен педиатрлар да алынады. Қазір 103-ке тәулігіне 2000 – 2400-ге дейін шақырту түседі. Мамандардың айтуынша оның басым бөлігі ЖРВИ және пневмония сырқатына байланысты шақыртулар.

Ал қала бойынша жедел жәрдем қызметінің 9 шағын стансасы бар. Онда күн сайын 100 бригада шақыртуға шығады.