Úı ANONS Шымкент: 112, 102, 103 мамандары біріккен ең алғашқы кешен ашылды

Шымкент: 112, 102, 103 мамандары біріккен ең алғашқы кешен ашылды

Шымкентте елімізде алғаш рет 112, 102 және 103 қызметкерлері бір нысанда шоғырланып жұмыс істейтін әмбебап кешен өз жұмысын бастады. Жаңа орталық Елтай және Таскен шағынаудандарында салынған. Ғимарат жергілікті бюджет есебінен небәрі алты айдың ішінде тұрғызылып, толықтай жасақталды.

Бір ғимаратта бірнеше сала мамандарының бірге жұмыс істеуі — шұғыл жағдайларда азаматтарға жылдам әрі тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Кешеннің салтанатты ашылуына Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шара барысында министр алдағы уақытта да осындай тиімді шағын деполар елдің басқа аймақтарында салынатынын атап өтті.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТЖ МИНИСТРІ: «Осындай кіші болса да, функционалы мықты деполарды бүкіл ел бойынша, шағынаудандар бойынша салатын боламыз әлі. Мысалы биыл 2 депо бітіру керек, және келесі жылы тағы 7-еуін салып қолданысқа беру көзделген»

Салтанатты жиында министр жаңа кешен қызметкерлеріне символикалық кілттерді табыстап, бөлімшелердің жедел кезекшілікке толық дайын екенін айтты.

Ботакөз Әнуар