Мерекелік кешке асығамын деп ауруханадан бір-ақ шыққандар

220
көктайғақтың кесірінен 172 адам ауруханаға жеткізілген

 

көктайғақтың кесірінен 172 адам ауруханаға жеткізілген
көктайғақтың кесірінен 172 адам ауруханаға жеткізілген

ОҚО-да түрлі жарақаттарға тап болғандар күрт көбейіп кетті. Әсіресе қыс келгелі травмотологилық орталықта науқастар саны тым көбейген. Қазірдің өзінде олар 180 ге жуық адамға көмек көрсетіп үлгеріпті. Тіпті жаңа жыл түнінде де тыным болмаған.

Рүстемова мерекелік кешке асығамын деп ауруханадан бір -ақ шықты. Көктайғақ салдырын аяғын сындырып алған. Сөйтіп жаңа жылдың алғашқы күнінде травмотологиялық орталықта болды. Енді ол 1 айдай аяғына гипс таңып жүруге мәжбүр.

Ал дәрігер Абай Сатыбалдин биылғы жаңа жыл әдеттегіден тым қиын болды дейді. Өйткені науқастар саны көп болыпты. Тіпті тура түнгі сағат 12-00 де қолын шығарып алған әріптесіне көмек көрсетумен болған.  

Дәрігерлер биылғы жылы жарақаттанғандар көбейіп барады деп алаң көңіл. Бір желтоқсан айының өзінде травм пунктте 180 ге тарта адамға дәрігерлік көмек көрсетілген. Ал 3 күндік демалыста 30 дан аса шымкенттік көктайғақтың зардабын шеккен. Салдаранан жедел жәрдем қызметінің де жұмысы күрделенді. Жаңа жыл түнінің өзінде 3 мың шықарту қабылдап тастапты.

Татьяна Родионова, жедел жәрдем станциясының қызметкері: «2012 жылдың 31-желтоқсаны мен биылғы екі күнде 3 мың 50 адам бізге хабарласты. Олардың 100 ден астамы түрлі жарақатпен болса, перотехника салдарынан 17 адам ды күйік шалған. Ал 3 адам үсіп қалды. Оның үстіне емханалар жұмыс істемеген соң, жедел жәрдем шақыртушылар да көбейген деп ойлаймын».

Нағыз үскірік аяз келе қоймаса да дәрігер мамандар алдағы уақытта қыс қахарына ілігетіндер қатары көбейетіндігіне қауіптеніп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-Ij4tltfqWU[/youtube]