Қазақстанда жыл сайын шамамен 15 мың адам түрмеге түседі

30

 Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын шамамен 15 мың адам түрмеге түседі. Сондай-ақ, 6 мыңнан астам шығады.

«Елімізде жылына шамамен 15 000 адам түрмеге қамауға алынады. Оның көпшілігі қысқа мерзімді жаза болғандықтан, аз уақыттың ішінде босап шығады. Қазір қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айрылған 28 мың адам жазасын өтеп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын еліміз тұтқындардың саны бойынша әлемдік рейтингіде 31-орынды иеленсе, қазір 100-ші болып тұр. 100 мың тұрғынға 202 тұтқыннан келеді. Қазақстанда түрмеге қамалатындар екі есе қысқарды. Айтар болсақ, 2010 жылғы 63 мың адам түрмеге қамалса, 2020 жылы 30 мыңға дейін төмендеді», –  Ішкі істер министрліктің жауабы.

Аталған ведомствоның мәліметінше, жыл сайын шамамен 6 265 адам түрмеден шығады.

«Жазасын өтеп шыққан азаматтар әлеуметтік көмекке мұқтаж. Олар қоғамға қайта бейімделіп, тіршілігін жалғастыру үшін еңбекпен қамтылуы тиіс. 2014 жылғы Үкімет қаулысына сәйкес елімізде пробация қызметі жұмыс істейді. Оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар пробация қызметі тиесілі жандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Заңда пробацияның толық циклі қарастырылған. Бұрын бізде пробацияның тек екі моделі болды – үкімдік және пенитенциарлық. Ал, 2017 жылдан бастап «Пробация туралы» заңға өзгеріс енгізіліп, тағы екі модель қосылды», – дейді ведомстводан.