Қолға алынған жобаларды нәтижелі іске асыруға үлкен мүмкіндік

50

 

Бүгін қала әкімдігінде өткен алқалы жиында қала әкімі қызметіне Мұрат Әйтеновтің қайта тағайындалғаны жарияланды. Мемлекет басшысының ұсынысымен және қалалық мәслихаттың келісімімен жауапты жұмысын жалғастыратын еліміздегі үшінші мегаполис басшының ескі де жаңа қызметі құтты болсын дейміз.

Біріншіден, бұл Мұрат Дүйсенбекұлының өз кезегінде Президент тарапынан білдірілген сенімнің үдесінен шыққанын аңғартады.

Екіншіден, қайта тағайындау қаланы көркейту, дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында қолға алынған жоба-жоспарларды нәтижелі іске асыруға берілген керемет мүмкіндік.

Енді қала тұрғындары шаһардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсартуды көздеген кешенді іс-шаралардың игілігі мен жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, баспанамен қамту сынды салалардағы жүйелі жұмыстың шапағатын сезінуі керек.

Сондай-ақ, экономикаға инвестиция тарту, Шымкенттің сәулеттік келбетін жақсарту, қала шетіндегі тұрғын алаптардың инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы ауқымды тірліктер жалғасып, сапалы атқарылады деген сенімдеміз

Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ,
Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы