Шымкент: Көңіл көтеру орнында есірткі сатқан

29

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінің 31 жастағы әкімшісі ұсталды. Жеке тінту барысында азаматшадан өзімен бірге болған есірткі заттары салынған полиэтиленді пакет тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «мефедрон» синтетикалық есірткісі екендігі расталып, жалпы салмағы 48 грамды құраған.
Тергеу әрекеттері барысында аталған есірткі затының көңіл көтеру орнында келушілерге таратуға арналғаны анықталды.
Қосымша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, есірткіні әкімшіге алып келген 31 жастағы ер-азамат екені анықталып құрықталды.
Қазіргі кезде екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері есірткі заттарын қоғамдық орындар мен адамдар көп шоғырланатын жерде таратқаны үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.