Заңсыз ішімдік шығаратындар көбейіп барады

24

Елімізде заңсыз ішімдік шығаратындар көбейіп барады. Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларында заңсыз арақ шығаратын 40 цех жабылды. Ал мамандар алкогольдің адам өміріне қауіп төндіретінін айтады.

Елдегі астыртын арақ өндірісі жаға ұстатарлық. Бұған дәлел де жоқ емес. Күні кеше ғана Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында мың жарым литрге жуық спирттік өнім айналымнан шығарылды. Жасырын цехтардан тәркіленген ішімдіктер арнайы полигонда жойылды. Контрафактілі қойма Петропавл қаласында да анықталды.

Бұл жерден 740 литр спирт, 50 литр коньяк құйылған ыдыс табылды. Ал алкоголь қауымдастығының басшысы бұл тұста шағын дүкендер мен қаладан шеткері базарларды тексеру қажет, дейді. Айтуынша, шалғайдағы өңірлерді қойып, Астананың өзінде пластик құтыға құйылған арақ саудаланып жатыр.