Банкроттыққа өтініштер жеке тұлғалардан наурыз айында қабылданады

43

Банкроттыққа өтініштер жеке тұлғалардан наурыздан бастап қабылданады. Өтінішке қоса берілетін құжаттар және жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі, рәсімдері және салдары жайлы Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы баяндап берді.

Аудан әкімдігінде өткен брифинг барысында сала мамандары ҚР азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңға қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

Тәуелсіз сарапшылардың пайымдауынша соңғы 10 жылда тұрғындар кепілсіз, ақшалай және тауарлық кредитке белшеден батқан. Ресми мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда 7 млн адамның мойнында несиесі бар. Осынша адам бүгінде банктен тұтынушылық кредит, микроқаржылық ұйымдардан қарыз алып отыр.

Ипотеканы қоспағанда, қазақстандықтардың – несие қарыздарының жалпы сомасы 8 трлн. теңгеге жуықтаған. Бүгінде елде тұтынушылық қарыз деңгейі жоғары. Осы келеңсіздіктерді реттеу мақсатында елімізде жаңа заң қабылданды.

Бақдәулет Ашенов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «2022 жылы 29 желтоқсанда ҚР Парламенті «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдаған болатын. 30-на ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің 3 түрін көздейді. Соттан тыс банкроттық, Сот банкроттығы. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Азаматтардың банкроттық рәсімдерінің бірінші әдісі  Соттан тыс банкроттық  мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады. Өтініш Егов электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. Қарыздар екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша. Шарттары қарыз 5,5 млн теңгеден, яғни 1600 АЕК аспауы тиіс және 12 айдан артық өтелмеген».

Банкроттықты қолдану рәсімдерінің екінші түрі. Сот банкроттығы. Ол сотпен қарастырылады. Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Шарттарына келетін болсақ, барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша. Сала мамандары ескертеді сот банкроттығы барысында  1 борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

Бақдәулет Ашенов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «Екінші, егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. 3-ші егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді. 4-шіден қаржы басқарушысы тағайындалады. 5-ші Қаржы басқарушысының қызметттеріне бастапқы төлеу борышкердің мүлкі еселбінен жүргізіледі. Банкроттықты жүргізу мерзімі -6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай».

Рәсімді қолдану барысындағы шектеулерге тоқталсақ. Ол мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады. Азаматтардың банкроттық рәсімдерінің үшінші түрі – Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Ол сотпен қарастырылады.

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Шартына тоқталсақ-қарыздың мөлшері тиесілі мұліктің құнынан аспауы тиіс. Сала мамандары сауықтыру шаралары мен бұл әдістің артықшылықтарын баяндап берді.

Бақдәулет Ашенов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «Сауықтыру жоспары қаржы басқарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Банкрот мәртебесі берілмейді. Қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ. Қарыздар бойынша бөліп төлеу 5 жылға дейін».

Банкроттықтың салдары. Банктерден және микроқаржы қйымдардан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады.

Банркоттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау жүзеге асырылады. Банкроттыққа өтініш борышкерден наурызда қабылданатынын кезекті рет ескерткен сала мамандары қаңтар, ақпан айларында халық арасында заңды жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.