ІІМ: 80 млрд. теңгеге айыппұл салу туралы 6,8 млн. қаулы шығарылды

28
Әл Фараби полиция бөлімі

2022 жылдың 12 айында ішкі істер органдары жалпы сомасы 80 млрд 309 млн теңгеге айыппұл салу туралы 6,8 млн қаулы шығарды.

Алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластағаны үшін 4 млрд теңге, ал жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 68 жарым млрд теңгеге айыппұл салынды. Олардың ішінен жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамағаны үшін 8 жарым млрд. теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.