Мемлекеттік сатып алу саласына «өмірлік цикл құны» ұғымы енгізіледі

69
Ресейліктер тауарын сапалы, денсаулыққа пайдалы деп отыр

Биыл мемлекеттік сатып алу саласында өнімнің сатып алынған кезінен бастап тұтынып болғаннан кейін кәдеге жаратуға дейінгі құнын білдіретін «өмірлік цикл құны» ұғымы енгізіледі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл мемлекеттік сатып алу кезінде сапалы тауарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін тетік болмақ.

«Бүгінгі таңда мемлеттік сатып алуды жүргізудің барлық рәсімдері автоматтандырылған. Бәсекелестікті дамытуға және сатып алу процестерін жеңілдетуге бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылданды», – деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.