Қазақстанда ешқашан жұмыс істемеген 325 мың әйел бар

48
фото Ел.кз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша жұмыссыз әйел бар және оған не себеп деген сауалға жауап берді.

«Елімізде жұмыс күшінің 50%-ы әйелдерге тиесілі. Жұмыссыз әйелдердің қатарында бала күтіміне байланысты үйде отырғандар кіреді. Сонымен қатар, ауыл әйелдері бар, оларды еңбекпен қамту қиындау. Жұмыссыз әйелдер санының артуы осы себептермен байланысты деп ойлаймын.

«Күміс жас» жобасы аясында зейнет жасындағы әйелдер саны, олардың қаншасы еңбекпен қамтылғаны немесе жұмыссыз отырғаны анықталды.

Елімізде 50 жастан асқан 964 мың әйел бар. Соның ішінде 325 мың әйел жұмыссыз, яғни ешқашан жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ. Көбі сол – баламен үйде отырғандар», – деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Energyprom.kz ресурсының дерегінше, жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, өткен жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жеткен.