Қазақстанның аграрлық әлеуеті зор

49

Берлинде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіндегі Орталық Азияның үлесі талқыланды. «Жасыл апта» көрмесі аясында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеев аграрлық саладағы реформалар мен оның әлеуетін баяндады. Министр саланы дамытуға мүдделі неміс кәсіпкерлерін елге шақырды.

Өз кезегінде, Германия агробизнес Альянсының директоры жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінде Қазақстанның әлеуеті зор екенін айтты. Өйткені біздің елде таза, табиғи өнімдер шығарылып қана қоймай, әлемдік нарыққа жеткізіліп отыр. Нәтижесінде экспорттық көрсеткіш айтарлықтай өскен.

Пэр Бродерзен, Германия агробизнес Альянсының директоры:  «Жасыл апта» көрмесі өте маңызды платформа. Бұл жерде Германиядан ғана емес, күллі әлем бойынша жаңа серіктестер табуға болады. Біз бизнес пен саясатты байланыстыруға талпынып жатырмыз. Осылайша аграрлық саланы дамытудың тың тетіктерін игеруге тырысамыз. Бұл экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға жол ашады. Осы реттегі Қазақстанның әлеуеті жоғары екенін байқадық. Экспортта ілгерілеу бар. Ет өндіруге де көңіл бөлінеді. Бұл неміс инвесторларын қатты қызықтыратын бағыт.