Сенатор Мәулен Әшімбаев жоғары палатаның төрағасы болып қайта сайланды. Бүгін сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетері, Әшімбаев 2020 жылдан бері сенат спикері қызметін атқарды. Биыл сенат сайлауы аясында президенттік квотамен жоғары палатаның депутаты болып қайта тағайындалды.