Шетелдік жұмыскерлер: 2023 жылға бекітілген жалпы квота саны 22,2 мың

32
Кәсіпорын

Биыл еліміздегі шетелдік жұмыскерлерге бөлінген квота жұмыс күшінің 0,24 пайызына тең. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

2023 жылға бекітілген жалпы квота саны 22,2 мың болып, төрт санатқа бөлінген. Олар басшылар және орынбасарлары, құрылымдық бөлімше басшылары, мамандар және білікті жұмысшылар. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3080 жұмыс күшін тарту жоспарланып отыр,-дейді құзырлы мекеме.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 951 шетел азаматы жұмыс істейді.