Шымкентте жыл басынан бері 3000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

29

Шымкентте 2023 жыл басталғалы бері 2758 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңға қайшы әрекет еткен азаматтар «Сергек Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен анықталып, жауапқа тартылды.

Мәселен, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 45, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 21 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Әрі қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 7, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен – 22, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 14, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 3 жүргізуші белгілі болды.

Сонымен қатар, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 2641 хаттама толтырылып, 88 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.