5 млн. теңге алып «кәсіп бастаймын» деген азамат ақшасынан қағылды

25

«Кәсіп ашамын» деген шымкенттік ақшасынан қағылды. Абай АПБ-на арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, танысы «Мемлекет тарапынан кәсіп бастау үшін берілетін қайтарымсыз қаржы 5 000 000 теңгені алып беремін» деп, 335 000 теңге ақшасын алып, уәдесінде тұрмаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.