«Тоғызқұмалақ пен асық ойынын мемлекет қаржыландыруы керек»

22

Мемлекет қаржыландыратын спорт түрлеріне тоғызқұмалақ пен асық атуды қосу ұсыныстары түсіп жатыр.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәдениет және спорт министрлігінің негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысында айтты. Сөзінше, бұл салада Қазақстанның әлеуеті зор.

Сонымен қатар бүгінгі күні Қазақстанның 500 мыңнан аса азаматы ұлттық спорт түрлерімен айналысады.