«Конструктор» көліктерді заңдастыру туралы қаулы жобасы жария талкылаудан өтті

26
18:51. Ордабасы алаңы көлікке әлден толы

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев «конструктор» көліктерді заңдастыру туралы үкімет қаулысы қашан қабылданатынын айтты.

«Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Аталған жоба жария талқылаудан өтті. Қазір біз оларды (халық тарапынан түскен пікірлер мен ұсыныстарды – Sputnik) қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін үкіметке енгіземіз», – деді Сұлтанбаев ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та «конструктор» көліктердің заңдастырылатынын айтқан. Оның мәліметінше, «конструктор» көліктерді заңдастыру бойынша ведомствоға 1,5 мың өтініш түскен.
«Олар техникалық сертификаттаудан өтеді. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз», – деді министр үкімет кулуарында.