Шымкентте өңіраралық көрме-жәрмеңке өтеді

111

Қаламызда мерекеге орай «SHYMKENT INVESTMENT – 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтеді. Жиында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының мүмкіндігі таныстырылады.

Шараға әлемнің 20 елінен халықаралық дәрежедегі бизнесмендер келеді деп күтілуде. Сонымен қатар Қазақстанның табысты кәсіпкерлері, орталық мемлекеттік органдардың , ұлттық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысады.

Өңіраралық көрме-жәрмеңкесінде 100 компания өз өнімін ұсынбақ.