Úı ANONS Түркістанда аңшыларда 16 келі балық тәркіленді

Түркістанда аңшыларда 16 келі балық тәркіленді

Түркістанда заңсыз аңшылыққа қатысты 80 жайт анықталды.Олардың басым бөлігі аңшылық және балық аулау ережелерін бұзған. Нақтырақ айтсақ, облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау тобының полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі бойынша 31 дерек, ал ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша 49 жайт құқық бұзушылықты анықтады.

Заңсыз балық аулаушылардан 16 келі балық пен 8 балық аулауға арналған шанышқы құралы алынды. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ескерту жасалып, айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша 9 жайт анықталып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Айта кетейік, 24 ақпан мен 13 наурыз күндері аралығында Түркістан облысы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.