Úı ANONS Шымкентте кеден органдары жүкті ресімдеуді негізсіз созған

Шымкентте кеден органдары жүкті ресімдеуді негізсіз созған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына (1424) кәсіпкерден Өзбекстаннан жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі әуре-сарсаңға қатысты өтініші келіп түсті.

Кеден органдары 4 күн бойы электрондық кедендік декларацияны келісу бойынша шешім қабылдамаған, ал заң бойынша мұндай шешімді қабылдау мерзімі 8 сағатты құрайды.

Шымкент қаласы бойынша Антикор қызметкерлері кеден бекетіне барып, түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша кәсіпкерге кедендік ресімдеуді келісті.

Жүк өтініш білдірген күні шекарадан өтті.

Осындай жағдайға тап болған кәсіпкерлерді Агенттіктің 1424 Call-орталығына  хабарласуы қажет.