Úı ANONS Мектеп асханаларын жалға алушылар артық ақша төлеп келген

Мектеп асханаларын жалға алушылар артық ақша төлеп келген

фото Түркістан

Шымкент қаласында 42 мектеп асханаларын жалға алушылардың құқықтары қорғалды

Білім басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында мектеп асханаларын жалға алушыларға mektepmenu-де мәзір туралы ақпаратты жариялау үшін қызметтерге ақы төлеу бойынша артық талаптар анықталды.

Нормативтік талаптарға сәйкес, мектеп мәзірін орналастыру білім беру мекемелеріне жүктелгендіктен, қалалық Антикор аталған тәжірибені тоқтату туралы ұсыныстар енгізді.

Антикор мен әкімдіктің бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша mektepmenu.kz қосымшасын пайдаланғаны үшін 42 мектеп асханаларын жалға алушылардан ақы алу тоқтатылды.