Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкерлер «Арбат» аумағындағы кафеге қосалқы учаскесінде үстелдерді орналастыруға тыйым салған учаскелік полиция инспекторларының әрекеттеріне шағымданды.
Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бұл проблемалық мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, нормативтік тыйым жоқ екендігі анықталды.
Осы мәселені зерделеу мақсатында қала әкімдігі мен Жергілікті полиция қызметінің бейінді басқармасымен кездесу өткізіліп, кәсіпкерлерге қатысты негізсіз талаптар тоқтатылды.