Шымкентте қойма шатыры өртенді

57

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне 30 мамырда сағат 13:21-де Шымкент қаласы Абай ауданы Тұрлан шағынауданында өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері Тұран шағынауданында Іңкәрдария көшесінің бойында 180 ш.м. алаңда қойма шатырының жануы орын алғанын, қойманың ішінде ескі тоңазытқыштар болғанын анықтады. Қойманың жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ қойма аумағында 10 шаршы метр құрғақ шөп өртенді.
Өрт сағат 14. 22-де оқшауланып, 15.02_де толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 37 адам, 6 техникасы жұмылдырылды.