Тауық шаруашылығына 2,5%-бен несие беріледі

37

Биыл тауық шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 2,5 пайызбен бюджеттік несие беру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет кулуарында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Айтуынша, қазір фермерлер ішкі нарықты тауық етімен 50-55 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, алдағы уақытта бұл көрсеткішті көтеру қажет.

Айта кетейік, аталған кредитті 10 жылға алуға болады.