Мақтааралда 5 адам мақта қабылдау орындарына ұрлыққа түскен

2520

Мақтаарал ауданында 5 ер адам мақта қабылдау орындарына ұрлыққа түскен. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды.

Полицияға жәбірленушіден белгісіз адамдардың мақта қабылдау пунктінен мотор мен кабель сымдары ұрланып, ірі көлемде шығын келгені туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.

Жедел топ құрылып, іздестіру жұмыстары нәтижесінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен Жетісай ауданының 4 тұрғыны және шымкенттік бір ер адам анықталды. Олардың бірі бұрын сотты болған.

Ұсталғандардың 5 ұрлық қылмысына қатысы бар екені анықталған. Олар 27 дана мотор мен 200 метрге жуық кабель сымдарын жымқырып, жәбірленушілерге 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі Жетісай ауданында мақта қабылдау орнында жұмыс жасаған. Ұрланған заттардың бір бөлігі алынып, заңды иелеріне қайтарылды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.