Шымкент қалалық Еңбекші ауданы аумағындағы 28 әлеуметтік нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Комиссия мүшелерінің бірі арнайы мүгедек арбасына отырып, нұсқаулық бойынша үлгілік сызба көрсетті.
Жалпы стандартқа сәйкес пандустың ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт.
Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 см кем болмағаны жөн. Сондай-ақ едені тайғанамайтын материалдан жасалуы қажет.