Úı ANONS Қала әкімінің кезекті қабылдауы өтті

Қала әкімінің кезекті қабылдауы өтті

Ерекше жандар ерекше көңілді қалайды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің кезекті бірыңғай қабылдауына келген мүмкіндігі шектеулі жандар көмекке мұқтаж. Олардың айтуынша, мемлекет қазынасынан берілетін  көмек аздық етіп отыр. Айына алатын жәрдемақы дәрі-дәрімектен артылмайды.

«Біз 21 ғасырдың мүгедектеріміз. Соған өзгерістер енгізу керек пе?. Шынын айтқанда кейбіреуі көрінген жерде өліп жатыр. Асарда бір адам 4 ай жатып, қайтыс болды. Мен сияқты. Біз адам сияқты емеспіз».

Осылай деген жүрегінде ақауы бар бір топ жандар қала әкімінің қабылдауына келді. Олар мамандар бізге тиісті дәрежеде көңіл бөлсе дейді. Яғни, қоғамдық іс-шараларға шақырып, ел қатарлы құрмет көрсетуді сұрайды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы аз дейді. Яғни, көмектің 90 пайызына дәрі-дәрімек сатып алады екен. Айтуларынша, жасанды жүрек аппаратын қайта таңуға арналған медициналық құралдар да күнделікті қалтаны қағады дейді олар.

Хилала Нәжімединова, қала тұрғыны: «Екі рет істеймін мен перевязканы.  Сахарлар ішетін дәрілер 20 мың тұрады. Антисептик дейді, спирт дейді, лекопластер бәрі ақша. Соның бәрін есептегенде пенсиядан түк қалмайды. Пенсия аласың ғой дейді. Күнкөруге қалмай жатыр. Үкімет жақтан перевязкаға қажетті заттарға ақша берілсе екен дейміз. Басқаларға памперс бірнарсе берілгені секілді».

Ал Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары ерекше көмекті қажет ететін жандарға тиісті көмек өз уақытында көрсетіліп жатыр дейді. Ешкімді бөліп жарып-жатқан жоқпыз деп отыр.

Ұлдана Бекбау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы:  «Бір реттік ай сайынғы бар.  19660 теңге. 5 АЕК. Соны төлеп жатырмыз. Қалада 4 мыңдай адам алады. Жеке оңалту бағдарламасында көк қағазының артында жазылады. Соның артында коляска бар ма, памперс бар ма сол беріледі».

Десе де, мамандар заң аясында көмек көрсетеміз деумен шектелді. Ал,  мүмкіндігі шектеулі жандар, қала әкімнің қабылдауына жазыламыз деп белді бекем буып отыр. Айта кетейік, шаһар басшысының біріңғай қабылдауына келген өзге де тұрғындар тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек алу, инфрақұлым сынды мәселелермен келген.

Нұргүл Жолымбетова