Ауыл шаруашылығын дамытуға ынталылар көп

26

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Қарабау, Тұрбат, Қызылқия, Қақпақ, Жаңабазар, С.Рақымов ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар кәсіпкерлікті дамыту, жол салу, жұмыссыздық, балалар алаңшасын салу, қоқыс жәшіктерін орнату, тұрғын үй сұрау, ФАП салу, әлеуметтік көмек, үй іргелік жер сұрау, ауыз су, мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты.

Бүгінде Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік ашуға ниеттілердің қатары артып келеді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойып отыр. Өз кезегінде аудан әкімі кәсіпкерлікті дамытуға, одан бөлек бәсекелестікті арттыруға баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Қай кезеңде де кәсіпкерлерге нақты қолдау болатынын тілге тиек етті.

Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.