Шымкентке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов арнайы келіп, жергілікті дәрігерлермен кездесу өткізді. Басқосуда сақтандыру саласына қатысты мәселелер айтылып, жергілікті медицина қызметкерлерінің хал-жағдайы сөз болды.
Шымкент қаласында тұрғындардың 20 пайызы медициналық тұрғыдан сақтандырылмаған. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиал директоры мәлімдеді. Ал қор басшысы Сәбит Ахметовтің сөзінше, қазір бұл салаға қатысты ең актуалды мәселелердің бірі кредиторлық берешек болып отыр.
Сәбит Ахметов, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы: «Қазіргі уақытта дәрігерлердің алаңдатқан мәселе — несиелік берешек. Әсіресе бұл мемлекеттік медициналық ұйымдарға қатысты. Себебі ақ халаттылардың жалақысының көбеюіне байланысты бүкіл шығындардың ішінде 80 пайызы айлыққа, 20 пайызы басқа шығындарға ақшалары жетіспей жатыр. kaspi.kz арқылы 15 минуттың ішінде ақша төлеп, бір жыл бойына тегін медициналық қызметті алуға болады. Ол үшін сол жүйеге 42 мың теңге төлеcеңіз жеткілікті».
Мамандардың айтуынша, бүгінде бұл жүйеге тіркелген азаматтар медициналық қызметті тегін алуда. Ал медициналық сақтандыру мәселесіне қатысты шымкенттіктер не дейді? Сұрап көрдік…
«Медициналық сақтандыру арқылы жақын маңдағы медкешенге жібереді. Негізі алғашқы медициналық көмек әрқашан тегін көрсетілуі қажет. Бірақ біздің медицианлық сақтандырудың қатты бір пайдасы бар деп ойламаймын. Алып жатқан ақшамызды беріп жатқан ақшамызды білінбейді ғой негізі. Мысалы, тісің ауырып баратын болсаң ақылы түрде ғана қызмет аласың. Бұдан бөлек қызметке жүгінгің келсе, алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады».
«Біз мемлекеттік қызметте жұмыс істегеннен кейін әрине ауруханада болмаса да, басқа жерлерде тегін қарайды ғой».
Қазіргі уақытта кез келген медорталықтан медициналық сақтандырусыз қызмет алу мүмкін емес. Бұл қызмет тек 18 жасқа толмаған балалар, студенттер, жүкті әйелдер, зейнеткер мен ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға ғана тегін көрсетіледі. Сондықтан бүгінде мамандар аталған жүйені толық енгізу мақсатында ел арасында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медициналық сақтандырудың маңыздылығын дәріптеуде.
Сәбит Құралбек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент филиалының директоры: «Ауруды емдегенмен бірге оны әрі қарай аяғына тұрып кету ортаға қалыптасуына байланысты реабилитациялық көмекті барлық дәрігер көрсете аламын дегендей мүмкіншіліктерді таласып қатысып жатыр. Бірақ көбісінде бейімді құрал, маман жетіспейді. Аталған мәселені түсінсін деп әсіресе жеке кәсіпкерлерді шақырып, олардың ойын естіп, олардың даму бағытын МӘМС қорының халыққа қалай жасағанда тиімді болатынын ой бөлісу мәселелері бойынша жиналған кездесу».
Қаланың тұрғындарының саны жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік статистика комитетінің есебі бойынша Шымкентте 1 млн. 198 мың адам бар. Бүгінде үшінші мегаполисте 80,1 % адам медициналық сақтандырылған.