4 қабаттағы балконда жалғыз өзі жүрген сәби жұртты шошытты

109

Республика даңғылындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде балконда жалғыз өзі ойнап жүрген бала жұртты шошытты. Алаңдаған жолаушылар құтқару қызметіне хабарласқан. Олар 4-қабатта балконнан кішкентай баланы байқағанын айтқан. Әрине кішкентай сәбидің биіктен құлап кету қаупі бар еді.

Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер 12 минут ішінде жетті. Олар слесарлық құралдарды пайдаланып, есікті ашып, пәтерге кірген. Үйде бірде-бір ересек адам жоқ болып шықты. Екі жасар сәби пәтерде жалғыз болған, оны ата-анасының жеке басын анықтау үшін полицияға тапсырды.