2026 жылғы 4 сәуір күні Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Машат ауылында қайғылы оқиға тіркелді. Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 2024 жылы туған баланың денесі табылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен. Осыдан кейін бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Құтқарушылар баланың денесін оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден анықтады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына министрліктің жедел құтқару жасағының қызметкерлері жұмылдырылған.







