Шымкентте ер адамның мәйіті битум құйылған бөшкеден табылды

74

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 2023 жылғы 11 қыркүйекте сағат 08:56 –да хабарлама келіп түсті. Хабарламада  Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-де ер азамат битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы айтылған.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп, альпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін жоғары шығарды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.