Бадам өзенінен ер адамның денесі табылды

130

Шымкенттегі Бадам өзенінен белгісіз ер адамның денесі табылды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша,  24 сәуірде сағат 17.15-те төтеншеліктерге 103 қызметінен Саттарханов көшесі бойындағы Бадам өзенінен киімі бар, шамамен 50-60 жастағы ер адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін судан алып шықты.

«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 5 адам және 1 техника жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаменті анықтауда»,-делінген  ТЖД мәліметінде.

(Фото: Шымкент қ. ТЖД)