5-ші қабаттан құлаған қызды қағып алды

Шымкентте Асар-2 шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатынан 2003 жылғы қыз құлап кетті. Төтеншеліктер оқиғаның абайсызда болғанын айтады.

Әлімжан Хадидханов, Шымкент қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі: «29 қазан күні сағат 19:17-де «102» қызметінен хабарлама түсті. Абай ауданы, Асар-2 шағынауданында көп қабатты тұрғын үйде пәтер балконынан 5-ші қабаттан абайсыздықта пәтер иесінің 2003 жылғы туылған қызы құлап, әр-түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.  Оқиғаның мән-жайын ПД қызметкерлері анықтауда. Оқиға орнына: ТЖД-дан (1 қызм. және 1 бірлік техника) шықты».

Дегенмен үлкен биіктіктен құлаған ару ауыр жарақаттардан аман. Мамандар барлық тексерулерден соң бойжеткенге амбулаториялық ем тағайындаған.

Тимур Тұрғанбеков, Облыстық клиникалық аурухана хирургі: «Анасының айтуы бойынша 29 қазан күні сағат 17:30 шамасында көпқабатты үйдің бесінші қабаитынан белгісіз жағдайда құлап түскен. Анасының айтуынша, сол маңда жүрген ер адамдар науқасты қағып алған. Сол сәтте маңдай және бетінің асфальтке ұрылғанын айтады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, облыстық клиникалық аурпухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Кезекші дәрігерлермен қаралып, барлық тексеруден өтті».