Úı ANONS 48 миллион теңге айыппұл: Аз ба, көп пе?

48 миллион теңге айыппұл: Аз ба, көп пе?

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақысын төлемегендерге салынған айыппұл 48 миллион теңгеге жетті. Төрт айда 50 мыңнан астам жолаушы жауапкершілікке тартылған. Тексерушілер не дейді? Жолаушылар неге жолақыны кеш төлейді? Ал жеңілдікпен жүретіндер қандай талапты білуі керек? 

 

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарғандар саны азаймай тұр. Сәйкесінше, оларға салынған айыппұл да өскен. Мысалы, жылдың алғашқы 4 айында жолақысын төлемей ұсталған 50 мыңнан аса жолаушыға 48 миллион теңге айыппұл салған.

 

Сонымен айыппұл қалай салынады? Қалада 100-ден аса бақылаушы-тексеруші бар. Олар күнде бағыттық желіге шығып, екі ауысыммен жұмыс істейді. Өкініштісі, жолаушылардың басым бөлігі жолақысын тексеруші автобусқа кірген кезде төлеп жатады екен.

 

Шымкентте 15 санаттағы азаматтарға, айталық, оқушыларға, зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы берілген. Бұған қоса студентерге жеңілдікпен  жүру құқығы берілген. Яғни студент 70 теңге емес, 50 теңге жолақы төлейді. Оларың бәрінде өз санатына сай арнайы карта болуы шарт. Болмаған жағдайда жолақысын толық өтеуге міндетті.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте жолақысын төлемеген жолаушыларға салынған айыппұл мөлшері 70 миллион теңгеден асқан. Статистикалық мәліметтерге қарағанда мегаполисте адам саны 1 миллион 2 жүз мыңға жуықтайды. Шартты түрде алсақ, олардың 600 мыңы қоғамдық көлікті пайдаланады.

Дилара Иса