Ерекше қажеттілігі бар азамаматтарға көрсетілер көмек көп

38
фото yassy-tur.kz

 

Өмірдің қиын жағдайына түскен әрбір жанға демеу қажет. Мұндай демеу әсіресе даму жағдайындағы ерекшеліктері бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін аса маңызды. Мүгедектігі бар адамдарды мемлекет тарапынан қолдаудың көмегі көп бүгінде. Тағдырынан теперіш көріп, одан қалса қоғамнан да шетқақпай қалған жандар үшін үкіметтің қолдауы аса жоғары.

Бүгінде Шымкент қаласында 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Оның ішінде 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар. Оларды әлеуметтік қолдау, қоғамға бейімдеу, қажетті құралдармен қаматамасыз ету басты назарда тұр. Бұл тарапта Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ауқымды жұмыстар атқаруда.

Ерекше жандарға үздіксіз көмек көрсетіліп, бағыт – бағдар беріледі. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері әлеуметтік портал арқылы түскен өтініштерге сәйкес 4 мың 500-ден астам адам протездік-ортопедиялық көмек құралдарымен, 701 – сурдотехникалық, 1324 тифлотехникалық, 12517 гигиеналық құралдармен және 900-мүгедектерге арналған қол арба құралдары, 2202-жеке көмекші, 544-ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтылды. Сауықтыру шаралары да назардан тыс қалған емес. Денсаулығында кінәраты бар азаматтар ұдайы сауықтыру шараларынан өтуі қажет болғандықтан шипажайларға тегін жолдамалар беріледі. Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекс шеңберінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндіктері артуда. Сол арқылы азаматтар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен уақытылы жеткізілмеген жағдайда шағым бере алады. Ерекше күтімді қажет ететін жандардың жұмыспен қамтылуы да қарастырылған. Оларға мекемелерден арнайы квота бөлінеді. Сондай-ақ, жыл басынан бері мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» көліктеріне 625 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде.

Үкімет тарапынан ерекше күтімді қажет ететін жандарға арнайы Әлеуметтік кодекс қабылданған. Осы кодекс аясында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары барынша күшейтілген. Биылғы жылдың шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамды күтіп, баптауға отбасы мүшелерін тарту қарастырылған.

Сонымен бірге алғаш рет менталды ауытқуымен мугедектігі бар балаларды санаториялық курорттық ем алуға пилоттық жоба қабылданып Шымкент қаласы бойынша жылдың соңына дейін 57 мугедектігі бар бала ата аналарының біреуімен бірге санатория-курортты емды мемлекет есебінен ала-алады. Бұл жерде нақтылап кететін бір жағдай мүгедектігі бар балаға санаториялық емделудің құнын мемлекет толығымен төлеп береді, ата-аналарының біреуіне мемлекет 70 пайызын, ал өзінің есебінен тек 30 пайыз ғана төленеді.

Мүгедектігі бар адамдардың туыстары жеке көмекші ретінде рәсімделе алады және олар тиісті еңбекақы мен әлеуметтік аударымдармен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, еңбекке қабылетсіздігіне берілетін жәрдемақы да жыл сайын артып отырады. Ал жеке көмекшілерге берілетін әлеуметтік төлем мөлшері де көбейтілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясынның 29-бабы бойынша азаматтардың денсаулығын қорғау, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға, заңда белгіленген мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде ақылы көмек алу бекітілген. Барлық денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастар жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеледі. Осыған қарап-ақ мүгедектігі бар адамдарды қолдаудағы мемлекеттің ролі зор екендігіне көз жеткізуге болады. Алдағы уақытта да мүгедектерге берілетін әлеуметтік төлемдер мен көрсетілер көмектің көлемін арттыру мәселесі де жоспарлануда.

Т.Даутов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің

Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары