Түркістанда кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері жол бойында жаяу кетіп бара жатқан ер адамды байқап, тоқтап жағдайын сұрады. Белгілі болғандай, көрші мемлекеттің азаматы қасиетті Меккеге жаяу жетуді мақсат еткен екен.
Полицейлер оған жол қауіпсіздігін және ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, оған қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан соң тәртіп сақшылары ер адамға азық-түлік пен су алып беріп, әрі қарай жолда қауіпсіз болуы үшін автокөлікке отырғызып жіберді.
Бұл жағдай – полицияның тек тәртіп күзетшісі ғана емес, сонымен қатар мейірімділік пен қамқорлықтың да символы екенін дәлелдейді.







