Ұлттық қор-балаларға: Шотқа ақша қашан түседі?

40
Фото:elements.envato.com

 Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қалай іске асырылатынын түсіндірді. Ұлттық қордың инвестициялық табысынан жиналған ақшаны балалар 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады.

«Ең алдымен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жүргізіледі. Аудит нәтижесі бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның 50 пайызының мөлшері анықталады. Бұдан әрі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бір жыл ішінде дүниеге келген, қайтыс болған, азаматтық алған және азаматтықты жоғалтқан балалар санын нақтылайды», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Деректер толықтай нақтыланған соң, Ұлттық банк кәмелет жасына жеткен балаларға төлем жасау үшін қажетті соманы БЖЗҚ-ға аударады.
Балалар ақшаны мақсатқа сай пайдалануы үшін БЖЗҚ жиналған қаражатты екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді.
Айта кетері, 18 жасқа толған азамат шотты өзі қалаған банктен аша алады.
Шотқа түскен ақшаны қазақстандықтар баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсайды.
Ұлттық қордан берілетін төлемдерге салық салынбайды.