Шымкентте алғаш рет mebel.kz шоу-румы ашылды

47

Шымкентте mebel.kz компаниясының шоу-румы ашылды. Қазақстандағы жетінші дүкен, үшінші мегаполисте алғаш рет ашылып отыр. Мұнда ресейлік жиһаз өндіруші компания тұрғындарға жиһаздың барлық түрін оңтайлы бағамен ұсынады.

mebel.kz шоу-румы енді Шымкент қаласында! Бұл – жиһаздың барлық түрі ұсынылған жаңа дүкен. Мұнда әртүрлі үлгідегі жиһаздарды, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын бұйымдарды табуға болады. Тәтті, тыныш ұйқыны, үйдегі гармонияны сақтауға мүмкіндік беретін жиһаздың бәрі осында.

Дана Құсайынова, divan.ru брендінің Қазақстандағы кантри-менеджері: «Бізден тек кереуеттер ғана емес, матрацтарды да сатып алуға болады. Мұнда сіз жатып, сезініп, оның жұмсақ немесе қатты екенін байқап көріп, таңдай аласыз. Өте ыңғайлы. Сондай-ақ, сайт арқылы да таңдап, тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылған». 

Бұл Қазақстандағы жетінші дүкен, ал Шымкент – айтулы шоу-рум ашылып отырған үшінші қала. Компания 2015 жылы Ресейде divan.ru брендімен нарыққа шыққан. Аз уақыт ішінде Ресей нарығындағы ең ірі жиһаз өндірушілердің үштігіне кірді. Шоу-румның басты ерекшелігі сіздерге қолжетімді бағадағы жиһаздарды ұсынады. Мұнда диван, үстел, орындық секілді бірегей интерьерді жасауға мүмкіндік беретін кең таңдау ұсынылған.

Дана Құсайынова, divan.ru брендінің Қазақстандағы кантри-менеджері: «Егер сіз сәнді жиһаз іздесеңіз, біздің шоу-румнан диван ғана емес, сонымен қатар әдемі кофе үстелі, сәнді кілем, жарықтандыру бұйымдарын сатып ала аласыз. Жатын бөлмеге қажет кереует, матрац, төсек жапқыш, төсек-орын, жастық және тағы басқаның бәрі бар».

Егер сіз үй жиһаздарын жаңартуды ойға алсаңыз немесе үйге қазетті бұйымдарды сатып алғыңыз келсе, дүкенде 30 пайызға дейін жеңілдік жүріп жатыр. Жиһаздарды қолма-қол немесе бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігі бар. “mebel.kz” шоу-румы Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Отау Март» сауда орталығында орналасқан.