Ордабасылық тұрғын жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін дайындайды

23

Бүгінде Ордабасы ауданында жеке кәсіп ашып, өз ісін жандандырып келе жатқан кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі – Бөржар елдімекенінің тұрғыны Нұрсұлтан Ысқақов. Ол 2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алған.

Қазіргі таңда кәсіпкер дәнекерлеу цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цехта 3 адам жұмыспен қамтылған. Айына 100 келіден 700 келіге дейінгі салмақты көтеретін түрлі көлемде 15 көлік тіркемесін дайындап шығарады. Осылайша жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін әзірлейді.
Айта кетейік, кәсіпкердің өндіретін бұйымдарына өңіріміздің әр өңірінен сұраныстар түсуде.