Úı ANONS «Кәсіпкерді жан-жақты қолдауымыз керек»

«Кәсіпкерді жан-жақты қолдауымыз керек»

Өнім өндіретін, жаңа жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлерді қолдау керек. Отандық өнімдер үшін сауда нүктелерінде бірінші орын беру маңызды. Қазір бұл жұмыстар қолға алынбаса, ертең кеш болуы ықтимал. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында айтылды.

Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Қолға алынған жобалар да жеткілікті. Жоспар да көп. Оның бәрі бүгін өңірлік инвестиция штабының мәжілісінде кеңінен талқыланды. Әсіресе, Кентау қаласында инвестиция көлемі айтарлықтай өскен.

Мәжілісте Сауран ауданындағы жағдай да талқыланды. Аудан әкімі Мақсат Таңатаровтың айтуынша, өткен жылы инвестиция көлемі 71 миллиард теңгеден асқан. Бұл арғы жылмен салыстырғанда 100 пайыздан артық деген сөз.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің пікірінше, өндіріс пен терең өңдеу заман талабы. Егер бұл мәселе қазірден қолға алынбаса кейін қиындыққа тап болу қаупі бар. Дәл қазір  кәсіпкерлер мен инвесторларды, отандық өнімді қолдау маңызды.

Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы облыс экономикасына 1,4 трлн. теңге инвестиция тартылған. Өнеркәсіп күшейген. Мысалы, 57 инвестициялық жоба іске қосылған. Нәтижесінде 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылған.

Дилара Иса