Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Диханкөл және Ұзынарық елді мекендеріне жұмыс сапарымен барып, жаңадан салынған ауыз су жүйелерінің жұмысымен танысты. Қазіргі таңда Диханкөл елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны – 641 млн теңге. Ауылға 30,6 шақырым ауыз су құбыры тартылып, нәтижесінде 2 985 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды.
Ал, Ұзынарық ауылында ауыз су жүйесін жүргізу мақсатында ұзындығы 10,7 шақырым құбыр тартылып, 54 су құдығы орнатылды. Сонымен қатар резервуар аумағы абаттандырылып, арнайы күзет бөлмесі, бактерицидтік ғимарат пен резервуар құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда нысан толығымен пайдалануға беріліп, 1 248 тұрғын таза ауыз сумен қамтылды.







