Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін айыппұл арқалады

29
фото azattyq-ruhy.kz

Ә. деген азамат көлік құралын басқарып бара жатып, Кентау қаласының полиция қызметкерлері Д.Қонаев даңғылы мен Төле би көшесін патрульдеу кезінде, полиция қызметкерлері қызметтік көлік құралының арнайы дауыс күшейткіш құралымен көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот отырысында Ә. хаттамамен келісетіні, өкініш білдіретіні туралы түсініктеме берді.
Нәтижесінде Ә. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 103 376 (бір жүз үш мың үш жүз жетпіс алты) теңге айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген.