Шымкенттің бірнеше көшесін нөсерлі жауын суы басты

318

Шымкентте 16 сәуірде толассыз жауған жауын-шашыннан қаладағы бірнеше көшелерді су басты. Соның салдарынан ирригация жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпей, жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары, сауда орындары суға толды.

Қалалық әкімдіктегілер шаһардағы бес ауданда көшелерді жауын суынан арылту жұмыстарына 5 компания жұмылдырылғанын хабарлады. Атап айтқанда, Абай ауданында «KazStroyCapitalLTD» ЖШС тарапынан 7 дана ассенизатор, 5 дана мотопомпа, 25 адамнан туратын арнайы бригада жұмыс жасауда. Ал Әл-Фараби ауданы бойынша «Таза Өлке» ЖШС тарапынан іске 8 дана ассенизатор, 3 дана мотопомпа мен 20 жұмысшы тартылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Еңбекші ауданында «Группа Интеко» ЖШС—не тиесілі су тартатын 5 арнайы бөшкелі Камаз, 2 ассенизатор, 3 мотопомпа, 1 электронасос пен 30 жұмысшы іске кіріскен.

Ал Қаратау ауданында «Жасыл Жер Шымкент» ЖШС—нің 15 дана бөшкелі Камаз көлігі, 2 дана мотопомпа, 1 электронасос, 1 ассенизатор, 30 жұмысшысы бар.

Тұран ауданында  «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС тарапынан 2 дана бөшкелі Камаз, 3 дана мотопомпа, 3 арнайы техника, 21 адам жұмылдыры жұмыстар жүргізілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Қалалық ТЖД жаңбыр суын сору жұмыстарына әкімдіктің коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылып, су толығымен айдалғанын, қаладағы жағдай қалыпты екенін айтты.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде видеолары таралған учаскелерде жағдай қалыпты. ТЖД және жергілікті атқарушы органның су сору құрылғылары арқылы жауын суы қауіпсіз жерге шығарылды. Су жиналу фактілерінің негізгі себептері — ирригациялық жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпеуінен сулар жиналған. Қазіргі таңда жағдай қалыпты»,-деді қалалық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ирисмат Махмудов.