Úı ANONS «Үйімізді су алды»: Кентауда нөсер жауыннан көшелер су астында қалды

«Үйімізді су алды»: Кентауда нөсер жауыннан көшелер су астында қалды

Кентаудағы нөсер жауын қала тіршілігін тұралатып, көшелерді су басты. Аулалар мен базарлар су астында қалып, тұрғындар әбігерге түсті. Қала табиғи құбылысқа қаншалықты дайын болды? Зардап шеккендер бар ма?

 

«Міне, үйімнің бәрін мынадай қылып тесіп, арттан су кетті»

Кеше Кентауда таңда басталған  нөсер жауын дерлік кешке дейін жалғасты. Қаланың бірнеше көшесі су астында қалды. Адамдарды айтпағанда, көліктердің жүруі қиындады. Жиналған су жеке тұрғын үйлермен қоса көпқабатты тұрғын үйлердің подъезіне де кіріп кеткен.

 

«Кентау қаласы Береке базары, Дулати базары»

Көше-көшеде тізеден келетін су толып, тұрғындардың ары-бері жүріп-тұруы қиындаған. Кейбір үйден сыртқа шығуы мұң болған. Базар ішіне кірген судан ондағы заттардың бүлінгені байқалады.

 

Адамдардың әбігерге түсіп, төтеншеліктердің  суды сорып, не өзге жаққа бағыттап жіберіп үлгермей қалғанына қарағанда  қала нөсер жауынға дайын болмай тұрғаны байқалады. Мамандар судан тазалау жұмысын жүргізгенімен оның зардабын тұрғындар көріп жатты.  Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, кей жерлерде су деңгейі 25 см-ға дейін көтерілген. Су елу шақты үйдің апуласына кіріп, 10 көше мен әлеуметтік нысандарды су басқан.

 

ФУРХАТ ЖОЛДАСОВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНЖИНЕРІ: «Төтенше жағдайлар департаментінен жедел штаб құрылып, департаменттің 108 жеке құрам  16 матапонт бар, 11 техника жергілікті атқарушы органдарымен 68 жеке құрам … жұмылдырылды».

Су инфекциялық аурухананың жертөлесіне, автовокзал мен дәмханаға да кірген. Жеке тұрғын үйдің қабырғасы құлаған. Үй саманнан салынып, шифермен жабылған. Департамент үйдің құлауының негізгі себебін жауыннан көрмейді. Құрылысында ақау болған деп санайды.

 

Ресми дерек бойынша, қаладан екі жарым мың текше метр су сорылып шығарылған. Судан тазалау таңға дейін жалғасқан. Су тасқынына зардап шеккендер мен  жәбірленушілер жоқ деп хабарланды. Ал қанша адамның мал-мүлкі бүлінгені, оларға қандай көмек берілетіні туралы әзірге мәлімет жоқ.

Дилара Иса